Меню

Өз тарифтік жоспарын қос! Қосу

4G қолдану мүмкіндігі

4G қолдану мүмкіндігін тексер

4G қолдану мүмкіндігі

Тексеру
Иә, сенің құрылғың моделінің прошивкасына байланысты 4G желі режимінде жұмыс істейді. Мобильді интернеттің баптаулары туралы толығырақ мұнда білуге болады.
Сенің құрылғың 4G желісін қолдамайды. Сәйкес келетін телефонды мұнда таңдауға болады.
IMEI код дұрыс емес, барлық сандар енгізілгендігін тексер.
Бірдеңе дұрыс емес, кейін байқап көр.
  • Телефонның IMEI кодын *#06# басып, қоңырау шалу арқылы білуге болады
  • Планшеттің IMEI коды икемдеулерде көрсетілген
  • Роутер немесе модемнің IMEI коды қаптамада көрсетілген

SIM картаң 4G интернетін қолдайтынын тексер

Тексеру
SIM карта 4G желісін қолдайды.
SIM карта 4G желісін қолдамайды. Оны Tele2–нің кез-келген қызмет көрсету орталығында тегiн ауыстыруға болады.
Телефон нөмірі қате терілді. Нөмірді тексеру пәрмені: *120#
Телефон нөмірі қате терілді. Нөмірді тексеру пәрмені: *120#.
  • Ескі үлгідегі SIM карталар 4G стандартын қолдамайды

Пайдалы ақпарат:

  • 4G желісін өз телефоныңда икемдеу үшін, Мобильді интернет икемдеулері парағын пайдалануыңа болады. Егер 4G режимі автоматты белсендірілмесе, онда *184*46*1# пәрменін тер.
  • Tele2 желісіндегі 4G Интернет LTE 1800 МГц жиілігінде жұмыс істейді (телефоның осы жиілікті қолдайтындығын тексеру керек).
  • IMEI коды бойынша құрылғыны тексеру болжамды түрде болады, 4G сессиясының табысты болуы үшін, осы жиілік пен желі режимін сенің телефоның мен SIM-картаң қолдайтындығын тексер.

4G деген не?

4G немесе LTE дегеніміз — жылжымалы абоненттерге 100 Мбит/с-тан асатын, ал стационарлық абоненттерге 1 Гбит/с-тан асатын жылдамдықпен деректер беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, 2012 жылы жетілдірілген мобильді байланыстың төртінші буыны. LTE-нің 3G-ден негізгі айырмашылығы — деректер берудің жоғары жылдамдығы. 3G желісінің шегі — 42 Мбит/с, бұл - 3G стандартының ең соңғы HSPA+ түрленіміндегі деректерді жүктеудің ең шарықтаулы жылдамдығы. Нақты жылдамдығы әзірге 2-3 Мбит/с құрайды.

Қысқа уақытта жауап қату қабілетінің арқасында 4G стандартының интернеті қазір пайдаланылып отырған 3G-мен салыстырғанда анағұрлым ыңғайлы. Сонымен қатар, ол мультимедиялық қызметтерді, мысалы сапалы мобильді телевизия, интернет телефония және бейнеқоңырау қызметтерін ұсыну үшін кең ауқымды техникалық мүмкіншіліктерді ұсынады.

Жоғары жылдамдықты интернеттің мүмкіншіліктерінен ләззат алу үшін, абоненттің 4G прошивкасы бар сим-картасы және осы стандартпен үйлесетін гаджеті болуы тиіс.

Қандай тарифті таңдау керек?

КӘДІМГІДЕЙ Супер
15 Гб Интернет трафик
Толығырақ Қосу
КӘДІМГІДЕЙ Экстра
25 Гб Интернет трафик
Толығырақ Қосу

Сұрақтар мен жауаптар

4G қолданған кезде, трафик жылдамырақ жұмсалатын бола ма?
Жүктеу жылдамдығының неғұрлым тезірек болуын ескере отырып, трафик Сіздің телефоныңызға қосылған ИП немесе ТП шеңберінде қолданылатын болады.
4G байланысының сапасы неге байланысты?
Байланыс сапасы ауа-райының жағдайы, ғимараттардың салынуы, желідегі шектен тыс жүктемелер, базалық станциядан алшақтық және т.б. көптеген факторларға байланысты болады.
4G қосылған кезде, мендегі дауыс сапасы жақсара ма?
4G режимі тек интернет қосылысты қолдайды. Бұл сіздің қоңырауыңыз дауыстық сервисті қолдайтын 3G желісі арқылы бағытталатындығын білдіреді. Сіз үшін бұндай аудару дауысты қосылыстың сапасын өзгертпестен, байқалмай өтеді.
Егер телефон 4G желісін қолдаса, бірақ жиілік ауқымды қолдамаса, сим-карта жұмыс істей ме?
Сіздің телефоныңыз 4G режимін қолдап қана қоймай, жиілік ауқымға да сәйкес болуы тиіс. Егер телефоныңыз қажетті 4G жиілігін қолдамаса, ол желімен қолданылатын 2G/3G режимдерінде жұмыс істейтін болады.
Tele2 ұсынған 4G желісінің параметрлері қандай?
3G параметрлерімен бірдей. APN internet.tele2.kz қатынау нүктесін көрсетуіңіз керек.
Dualsim телефон үлгісінде қандай слот қолданған дұрыс?
4G режимі үшін сим-картаны №1 слотқа ауыстыруыңыз керек, қажет болса, қолмен жасалатын икемдеулерді пайдаланыңыз.